Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК-да денсаулық сақтау саласындағы жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігі мен сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 119 280,2 мың теңгеге құрайтын ҚР заңнама талаптары сақталмағаны анықталды, оның ішінде
- қаржылық бұзушылықтар 117 627,1 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны 19 727,4 мың теңге, қалпына келтіруге 97 899,7 мың теңге,
- 14- рәсімдік бұзушылықтар,
- 3-кемшілік,
- бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану 1 653,1 мың теңге.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.