Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Орал қаласының қаржы бөлімі» ММ Орал қаласы бюджетінің 2021 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігінемемлекеттік аудит және осы аудит шеңберінде «Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де жүргізілген үстеме тексерулер жүргізілді.
БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Орал қаласының әкіміне, Орал қаласының қаржы бөліміне, Орал қаласының құрылыс бөліміне, сондай-ақ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы тиісті нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.