Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Көпбейінді қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Көпбейінді қалалық аурухана "қызметінің мемлекеттік аудиті" аудиторлық іс-шарасы өткізілді.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 6 702 000,9 мың теңге қамтылды. Жалпы сомасы 87 163,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 7 392,7 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар, 79 770,5 мың теңге сомаға мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, 1 рәсімдік бұзушылық және 1 кемшілік.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 7 392,7 мың теңгесі өтелуге жатады.

Батыс қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды, Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көпбейінді қалалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша нұсқама мен ұсынымдар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы сайтының "комиссияның қызметі – аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.