Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-де, «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ-де, «Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де, «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-де және «Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-де, Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдар қызметінің тиімділігі, сонымен қатар жер учаскелерін жеке меншікке беру кезінде және жер учаскесін жалға беру құқығын сату кезінде төлемақының дұрыс есептелуі бойынша, сондай-ақ бюджет түсімдерінің толық және уақытылы болуы бойынша Қазақстан Республикасы заңнама нормаларын сақтауға жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Өткізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 5 мекемеден жалпы сомасы 54 519,9 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасы нормалары сақталмағаны, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 45 016,5 мың теңге, оның ішінде бюджетке қайтаруға жататыны 45 011,8 мың теңге, өтеуге жататыны 4,7 мың теңге, ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайданың сомасы 9 503,4 мың теңге және 96 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен 3 кемшілік анықталды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке түсірілгені 43 761,4 мың теңге, өтелгені 4,7 мың теңге.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданды, соның шешімімен Орал қаласы әкіміне, «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ- нің, «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ- нің, «Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ- нің, «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ- нің және «Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ- нің, тиісті лауазымды адамдардың жауапкершіліктерін қарастыру және орын алған заң бұзушылықтарды қалпына келтіру үшін Нұсқама жолданды. Мемлекеттік аудит нәтижесі Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына жолданды.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссиясының қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.