Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Құрманғазы атындағы саз колледжі» МКҚК, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-де орта білімнен кейінгі саладағы жекелеген объектілердін қызметіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде 3 аудит объектілерімен барлығы 36 415,5 мың теңге құрайтын бюджеттік және өзге де заңнамалардың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 34 995,5 мың теңге, бюджет қаражатың тиімсіз жоспарлау - 1 420,0 мың теңге. Сонымен қатар 7 рәсімдік сипаттағы және 3 басқа да бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК-да, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Құрманғазы атындағы саз колледжі» МКҚК-да,, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-да анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.