Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» ММ-не, цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға арналған нысаналы трансферттерді пайдалану тиімділігіне сондай-ақ жабдықтарды, оның ішінде ҚР Үкіметінің резерві есебінен сатып алынған жабдықтарды пайдалануына мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 252 340,4 мың теңгеге құрайтын ҚР заңнама талаптары сақталмағаны анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 3 048,4 мың теңгеге, активтерді тиімсіз пайдалану 14 433,7 мың теңге, бюджет қаражаттарын тиімсіз жоспарлау 233 565,8 мың теңге, бюджеттің шығындарымен жоғалтылған пайда 1 293,3 мың теңге, 10 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 4 кемшіліктер анықталды.
Оның ішінде: бюджет кірісіне өтелуге жататыны - 2 046,6 мың теңге, есеп бойынша қалпына келтіруге жататыны - 1 001,8 мың теңге.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» ММ-не, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.