Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де мемлекеттік мекеме қызметіне, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған жергілікті бюджет қаржысының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 5790,9 мың теңге құрайтын бюджеттік және өзге де заңнамалардың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 650,9 мың теңге, бюджет қаражатың тиімсіз жоспарлау - 5140,0 мың теңге. Сонымен қатар 7 рәсімдік сипаттағы басқа да бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Орал қаласының әкіміне, Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына анықталған бұзушылықтарды және  (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар жіберілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сондай-ақ Білім және ғылым министрлігіне халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдар жолданды.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.