Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Өткізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 52 749,1 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасы нормалары сақталмағаны, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 52 749,1 мың теңге, қалпына келтірілуге жататыны 52 397,6 мың теңге және 6 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданды, соның шешімімен «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің тиісті лауазымды адамдардың жауапкершіліктерін қарастыру және орын алған заң бұзушылықтарды қалпына келтіру үшін Нұсқама жолданды. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына мәлімет үшін жолданды.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссиясының қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.