Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де, «Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ-де, кредиттік тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 7 523 082,1 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасы нормалары сақталмағаны анықталды, оның ішінде қаржылық  бұзушылықтар жалпы соммасы – 7 523 082,1  мың теңгеге және 14 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен 2 кемшіліктер анықталды.

Оның ішінде:  бюджет кірісіне өтелуге жататыны - 54 620,9 мың теңге, аудит барысында өтелгені - 2 903,6 мың теңге; есеп бойынша қалпына келтіруге жататыны - 7 468 461,2 мың теңге.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де, «Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ-де, анықталған бұзушылықтарды және  (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.