Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде мемлекеттік орган қызметі тиімділігінің, ҚР заңнамасы нормаларының сақталуына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ
Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 133 657,4 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасы нормалары сақталмағаны анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар жалпы соммасы – 133 657,4 мың теңгеге және 17 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен 1 кемшілік анықталды.
Оның ішінде: бюджет кірісіне өтелуге жататыны - 133 657,4 мың теңге, аудит барысында өтелгені - 5 434,1 мың теңге.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.