Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Жаңақала аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-і, «Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-і, «Жаңақала аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-і, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-і, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданының білім беру бөлімі» ММ-де Жаңақала ауданының Аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау, сондай-ақ бюджеттен бөлінген қаржының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 678 004,6 мың теңге құрайтын бюджеттік және өзге де заңнамалардың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 671 142,4 мың теңге, бюджет қаражатың тиімсіз пайдалану - 6 862,2 мың теңге. Сонымен қатар 19 рәсімдік сипаттағы басқа да бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 60 342,9 мың теңгесі бюджетке өтелуге және 610 799,5 мың теңгесі есеп бойынша қалпына келтіруге жатады. Қазіргі кезде 14 687,5 мың теңге бюджеттің кіріс бөлігіне өтелді, 610 799,5 мың теңге есеп бойынша қалпына келтірілді.