Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, «Ақсай қаласы әкімінің аппараты» ММ-де, «Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ-де, «Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де, «Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де, «Бөрлі ауданының мәдиниет және тілдері дамыту бөлімі» ММ-де, «Бөрлі аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК және «Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ
Өткізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 2 717 588,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасы нормалары сақталмағаны анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар жалпы соммасы – 2 609 450,0 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 108138,7 мың теңге және 34 процедуралық бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданды, соның шешімімен «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің, «Ақсай қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің, «Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің, «Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің, «Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің, «Бөрлі ауданының мәдиниет және тілдері дамыту бөлімі» ММ-нің, «Бөрлі аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-ның және «Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің тиісті лауазымды адамдардың жауапкершіліктерін қарастыру және орын алған заң бұзушылықтарды қалпына келтіру үшін Нұсқамалар жолданды.
Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына мәлімет үшін жолданды.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссиясының қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.