Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де, «Ақжайык орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық КМК-де, «Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық КМК-де, «Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық КМК-де және «Шынғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық КМК-де мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне тиімділік аудитін, қоршаған ортаны қорғау саласына жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалануына сәйкестік аудит, соның ішінде су ресурстары саласындағы жұмыстарының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлықіс-шара нәтижесінде бралығы 301 597,8 мың теңгеге құрайтын ҚР заңнама талаптары сақталмағаны анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтап 196 148,3 мың теңгеге, бюджеттік қаражатты тиімсіз жоспарлау сомасы 4 451,0 мың теңгеге, мемлекеттік активті тиімсіз пайдалану сомасы 100 998,8 мың теңгеге және 18 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 2 кемшіліктер анықталды.

БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және тиісті ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.