Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

ҚР Қаржы министрлігінің МКК БҚО бойынша МКД Ақжайық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында мемлекеттік аудит қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша Пресс-релиз

Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2018 жылғы 01 қаңтар мен 2021 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезеңде ҚР ҚМ МКК БҚО бойынша МКД Ақжайық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жергілікті бюджетке салықтардың және басқа да міндетті түсімдердің толық және уақтылы түсуі, сондай-ақ бюджеттен қате (артық) төленген сомалардың қайтарылуының, есепке алынуының және салықтық әкімшілендірудің дұрыстығы мәселесі бойынша аудит жүргізілді.               

Аудит нәтижелері бойынша ҚР Салық кодексін, ҚР Бюджет кодексін, ҚР Қаржы министрінің 27.02.2018 жылғы №306 «Дербес шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы», ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1793 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы» бұйрықтарын сақтамауға байланысты бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Аудит нәтижелері бойынша бюджетке өтелуге  тиісті жалпы сомасы 4 679,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және салықтық әкімшілендіру бойынша 3 рәсімдік бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, бюджет заңнамасына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша ҚР Қаржы министрлігіне ұсынымдар жолданды.

Мемлекеттік аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында бюджетке 1 582,8 мың теңге сомасында өтеу қамтамасыз етілді, сондай-ақ 14 заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау үшін хабарлама жіберілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясымен өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау және анықталған ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою үшін Аудиторлық қорытынды мен Нұсқама жіберу туралы шешімімен тиісті қаулы қабылданды.