Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Батыс Қазақстан облысынының мәдениет басқармасы» ММ-де, сондай-ақ басқармаға бағынысты жекелеген кәсіпорындарда «Сараптамалық-талдау іс-шаралары және мәдениет саласындағы аудит объектілері қызметінің тиімділігіне» аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 23 610,8 мың теңге құрайтын бюджеттік және өзге де заңнамалардың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 12 121,8 мың теңге, бюджет қаражатың тиімсіз пайдалану – 11 489,0 мың теңге. Сонымен қатар 13 рәсімдік сипаттағы басқа да бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Анықталған қаржылық бұзушылықтардын 7 477,7 мың тенгесі бюджетке өтелуге жатады, оның 5 574,6 мың тенгесі өтелді, 4 644,1 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады, оның 4 644,1 мың теңгесі қалпына келтірілді.
БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасына және тиісті ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.