Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ-де мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда мектепке дейіңгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге, соның ішінде материалдық-техникалық қамтуға бөлінген бюджет қаржысы мен мемлекеттік активтерін пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 49 301,0 мың теңге құрайтын бюджеттік және өзге де заңнамалардың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 18 558,0 мың теңге, бюджет қаражатың тиімсіз пайдалану – 30 743,0 мың теңге. Сонымен қатар 38 рәсімдік сипаттағы басқа да бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Анықталған қаржылық бұзушылықтардын 18 558,0 мың тенгесі бюджетке өтелуге жатады, оның 18 214,5 мың тенгесі өтелді.
БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасына, Орал қаласының білім беру бөліміне және тиісті ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.