Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

«Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің аппараты», «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты», «Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты»  ММ-де мемлекеттік аудит объектілерінің тиімділігіне, бюджеттік қаражаттар мен мемлекеттік активтердің пайдаланылуына, бухгалтерлік есептің сенімділігі мен дұрыстығына мемлекеттік аудит және сонымен қатар жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомалардың қайтарылуы, есепке алынуы дұрыстығына сәйкестік жүргізілген тиімділік және сәйкестік аудиті жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде дайындалған ПРЕСС-РЕЛИЗ.

Өткізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша барлығы 118 551,0 мың теңгенің ҚР Заңнамасының бұзушылығы анықталды, оның ішінде:

- 118 020,9 мың теңгеге қаржылық;

- 530,0  мың теңгеге мемлекет активін тиімсіз пайдалану;

- 26 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 3 884,7 мың тенгесі бюджетке өтелуге, 114 136,3 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «Орал қаласының әкімінің аппараты» «Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің аппараты», «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты», «Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты»   ММ-нің басшыларына  нұсқама және аудиторлық қорытынды және орын алған бұзушылықтарды жою үшін тиісті нұсқамамен аудиторлық қорытынды үзінділері жолданды.