«Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не және «Шыңғырлау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне тиімділік аудитін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына, жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақтылы түсуіне, жергілікті бюджетке қате төленген түсімдерді кері қайтару және есептелу дұрыстығына сәйкестік жүргізілген тиімділік және сәйкестік аудиті жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде дайындалған ПРЕСС-РЕЛИЗ.
Өткізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша барлығы 8 163,7 мың теңгенің ҚР Заңнамасының бұзушылығы анықталды, оның ішінде:
- 8 163,7 мың теңгеге қаржылық;
- 6 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардын 4 447,9 мың тенгесі бюджетке өтелуге, 3 715,8 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Сырым аудан әкіміне, «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не және «Шыңғырлау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысына нұсқама және аудиторлық қорытынды және орын алған бұзушылықтарды жою үшін жолданды.