Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

«Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне тиімділік аудитін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына, жергілікті бюджетке түсімдердің толық және уақтылы түсуіне, жергілікті бюджетке қате төленген түсімдерді кері қайтару және есептелу дұрыстығына сәйкестік жүргізілген тиімділік және сәйкестік аудиті жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде дайындалған ПРЕСС-РЕЛИЗ.

Өткізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша барлығы 4 125 872,2 мың теңгеге, соның ішінде:

- 4 060 318,2 мың теңгеге қаржылық;

- 53 101,0 мың теңгеге мемлекет активін тиімсіз пайдалану;

- 12 453,0 мың теңге бюджеттік қаражатты тиімсіз жоспарлау сомасы;

- 8 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардын 3 000,8 мың тенгесі бюджетке өтелуге, 4 057 317,4 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Орал қаласының әкіміне және «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі басшысына  нұсқама және аудиторлық қорытынды және орын алған бұзушылықтарды жою үшін тиісті нұсқамамен аудиторлық қорытынды үзінділер «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не жолданды.