Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 26 621,7 мың теңге құрайтын ҚР заңнама талаптары сақталмағаны анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 25 157,6  мың теңгеге, тиімсіз пайдаланған қаржы 1 464,1 мың теңге және 8 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтармен 4 кемшіліктер анықталды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданды, соның шешімімен «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК, «Бөрлі колледжі» МКҚК және «Жаңақала колледжі» МКҚК директорларына тиісті лауазымды адамдардың жауапкершіліктерін қарастыру және орын алған заң бұзушылықтарды қалпына келтіру үшін Нұсқамалар, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы білім басқармасына мемлекеттік білім беру тапсырысы шарттарын жасасу кезінде оларда кадрлар даярлау бағыттары және бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны көзделуі ұсынылды.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссиясының қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.