Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы 3-тоқсанының жұмыс жоспарына байланысты және  ҚР Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу тиімділігін бағалауға қатарлас аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.

Аудит барысында облыстың 8 - облыстық басқармалар, 5-қалалық бөлімдер, 2-коммуналдық мекемелер және 2- мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар қамтылып, 14 - қарсы тексеру жүргізілді.

Мемлекеттік аудит шараларын іске асыру барысында 31 нысан нәтижелері бойынша жалпы сомасы 165 112,4 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджет кірісіне өтелуге жататыны 26 365,0 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 138 746,8 мың теңге. Сонымен қатар, аудит барысында 79 –рәсімдік бұзушылық фактілері және 14- кемшіліктер анықталды. Бюдет қаржысын тиімсіз жоспарлау 37 468,2 мың теңгеге анықталып отыр.

Заңнама талаптарына сәйкес, заң бұзушылықтарға жол берген тұлғалар бойынша БҚО бойынша мемлекеттік сәулет бақылау департаментіне және басқа да салаларға 16 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданды.

БҚО бойынша тексеру комиссиясының отырысы қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды және анықталған бұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа заңнамасының талаптарын бұзған лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау үшін тексеру объектілеріне 29 ұсыныс жіберілді.