Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

«Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-де Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысында, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде, соның ішінде дағдарысқа қарсы іс-шараларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражаттарын пайдалануға жүргізілген тиімділік және сәйкестік аудиті жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде дайындалған ПРЕСС-РЕЛИЗ.

Өткізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша барлығы 435 856,9 мың теңгеге, соның ішінде:

- 356 014,1 мың теңгеге қаржылық;

- 79 171,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;

- 671,8 мың теңгеге мемлекет активін және бюджет қаржысың тиімсіз пайдалану;

- 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға және 1 кемшілікке жол беріліп.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардын 353 496,3 мың тенгесі бюджетке өтелуге, 2 517,8 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады. Мемлекеттік аудит барысында  13 971,3 мың теңгесі бюджетке өтелді, 2 517,8 мың теңгесі қалпына келтірілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-сі басшысының  жауапкершілігін қарастыру туралы ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің тиісті орынбасарына нұсқама және аудиторлық қорытынды және орын алған бұзушылықтарды жою үшін тиісті нұсқамамен аудиторлық қорытынды үзінділер «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-не жолданды.