Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-де және «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-де  ақпараттық-имидждік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге бөлінген бюджет қаражатының сәйкестікке және тиімді пайдаланылуына  жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде дайындалған ПРЕСС-РЕЛИЗ.

Мемлекеттік аудит нәтижесінде 51 345,9 тыс. теңгені құрайтын Қазақстан Республикасының заңнама талаптары бұзылғандығы анықталды, соның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар - 1 072,1 мың теңге;

- мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 50 273,8 мың теңге;

- рәсімдік бұзушылықтар - 4 дана.

Аудиторлық іс шара барасында 119,6 мың тенге бюджетке өтелді, 200,3 мың теңге қалпына келтірілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген тұлғалардын жауапкершілігін қарастыру және орын алған бұзушылықтарды жою үшін тиісті нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-не, «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-не жолданды.

Сондай-ақ өткізілген аудиторлық іс-шара қорытындысы жөніндегі ақпарат аталған басқармаларға жетекшілік ететін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарына жолданды.