Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық көп салалы ауруханасы» ШЖҚ МҚК-да мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау нәтижелері бойынша

Мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ ММ-де 2017 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта мемлекеттік аудит объектілерінің тиімділігіне, келісім шарттармен, бухгалтерлік есептің  дұрыстығына  мемлекеттік аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы және т.б.  заңдардың бұзылу салдарынан  жалпы сомасы 156 098,5 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды (оның ішінде 550,1 мың теңге өтелуге жатады, 155 548,4 мың теңге қалпына келтіруге жатады), 895,0 мың теңге мемлекеттік активтерді тиімсіз пайдалану, сондай-ақ 12 рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік аудит барысында 466,7 мың теңге өтелді, 155 548,4 мың теңгеге қалпына келтірілді.

Отырыстың қорытындылары бойынша БҚО бойынша Тексеру комиссиясының қабылданған  қаулысына сәйкес   анықталған заңнама бұзушылықтарын жою туралы нұсқама  ШЖҚ «Қалалық көпсалалы ауруханасы» МКҚК- нің лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін  қарау үшін жолданды.