Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік 

талаптары:

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья бір лауазымда бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Төрагасының 2023 жылғы 05 сәуірдегі № 71 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Төрагасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (090000, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 201, 2-қабат 211-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7112) 51-54-84, Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.(maximum allowable file size is up to 8 MB) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1.Әкімшілік бөлімінің бас инспектор - бас бухгалтеры  (D-3 санаты, 1 бірлігі ).

 «D-3» санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден – 302 255 (max) теңгеге дейін.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит.

Функционалдық міндеттері: Мекемеде бухгалтерлік есепті жүргізу. Барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп шотында көрінуі мен бақылануын, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржы есептілігінің белгіленген мерзімде жасалуын, қаражаттардың дұрыс және үнемді шығындаудын, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету. Банк құжаттарына және материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын қабылдау мен беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржы міндеттемелеріне қол қою. Өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, тексеру комиссиясы төрағасының актыларымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

2.Талдау,сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор-заңгері D-3 (D-3 санаты, 1 бірлігі).

 

 «D-3» санаты үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 305 232 (min) теңгеден - 350 615 (max) теңгеге дейін.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: жоғары (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: (құқықтану) мамандықтары бойынша.

Функционалдық міндеттері: Тексеру комиссиясының мүдделерін сот мекемелерінде өкілдік ету. Жемқорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу, құқық бұзғаны үшін айыпты тұлғалардың қызметтік тергелуін жүргізу; бұйрықтарға, нұсқауларға, ережелерге және басқа да құқықтық құжаттарға сараптама өткізу. Аудиторлық іс-шараны сүйемелдеу және аудит мәселелері бойынша заңнаманы қолдануға қатысты консультация беру. Әкімшілік өндірісті құқықтық қамтамасыз ету және жүргізу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру. Аудиторлық іс-шаралар бойынша тиісті бағалау және қорытынды жасау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеру комиссиясының мүдделерін қорғау. Өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, тексеру комиссиясы төрағасының актыларымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы 090000, Орал қаласы, Н.Назарбаева даңғылы, 201, анықтама үшін телефон: 8(7112)51-54-84 электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошта мекенжайына мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

 Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне 5 жұмыс күні ішінде шағымдана алады.

Сұхбаттасу кезінде және басқа да іріктеу құралдарында үміткер, егер бұл конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі болмаса, жазудың техникалық құралдарын да қолдана алады.

Ішкі конкурс "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Төрагасының 2023 жылғы 05 сәуірдегі № 71 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Төрагасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы.

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

__________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.