Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік 

талаптары:

D-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда;

4) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  Төрагасының 2023 жылғы 05 сәуірдегі  № 71 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Төрагасының 2017 жылғы  21 ақпандағы № 40 бұйрығы.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (090000, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 201, 2-қабат 211-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7112) 51-54-84, Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.(maximum allowable file size is up to 8 MB) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Аппарат басшысы (D-2 санаты, А-блок, бірлігі ).

«D-2» санаты  үшін лауазымдық жалақысы  қызмет өткерген жылдарына байланысты 410 720 (min) теңгеден - 471 788 (max) теңгеге дейін.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: құқықтану, экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе мемлекеттік  және  жергілікті басқару саласында.

Функционалдық  міндеттері: Аппарат жұмысын ұйымдастыру және  басқару. Тексеру комиссиясының ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық және басқалай жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыру.  Аппарат бөлімдерінің   жұмысын қадағалау, аудиторлық іс шараларын ұйымдастыру және аудит объектілеріне аудиторларды бөлу және үйлестіру. Өз құзыреті шегінде  тиісті мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру және тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру. Өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, тексеру комиссиясы төрағасының актыларымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару барысында тексеру комиссиясының төрағасына бағынады және есеп береді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы 090000, Орал қаласы, Н.Назарбаева даңғылы, 201, анықтама үшін телефон: 8(7112)51-54-84 электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошта мекенжайына мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

 Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне 5 жұмыс күні ішінде шағымдана алады.

Сұхбаттасу кезінде және басқа да іріктеу құралдарында үміткер, егер бұл конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі болмаса, жазудың техникалық құралдарын да қолдана алады.

Ішкі конкурс "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  Төрагасының 2023 жылғы 05 сәуірдегі  № 71 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Төрагасының 2017 жылғы  21 ақпандағы № 40 бұйрығы.

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы 

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)  «___»_______________ 20 __ ж.