Телефон доверия: 8 (7112) 51-54-84

ӘДЕП ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МІНДЕТІ

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – Әдеп кодексі) және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілді.

Әдеп кодексі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Әдеп Кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын алдын алуға бағытталған.

Әдеп кодексінде мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары белгіленген.

Сонымен қатар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №18-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығымен Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары бекітілді (бұдан әрі – Қағидалар).

Қағидалар мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығын және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың тәуелсіздік, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпиялылық, анықтық, ашықтық, жариялылық, мемлекеттік аудиттің нәтижелерін өзара тану сияқты негізгі қағидаттарын қолдануға бағытталған, мінез-құлықтың моральдық қағидаттарының жүйесін білдіреді.

Қағидалардың мақсаты мемлекеттік аудиторлардың кәсіби мінез-құлқының әдеп нормалары мен қағидаларын белгілеу, сондай-ақ олардың толық сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қағидалар мемлекеттік аудиторлардың өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау тиімділігін арттыруға шақырады және мемлекеттік аудит саласында моральды қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік аудиторлардың Қағидалардың ережелерін білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметтерінің сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.

Қағидада мемлекеттік аудиторларға қойылатын 12 әдеп талаптары және олардың кәсіби мінез-құлқының 8 әдеп қағидаттары белгіленген.

Жоғарыда аталған қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында Әдеп жөніндегі уәкіл өз функциялары шегінде қызметін жүзеге асыруда.

Әдеп жөніндегі уәкіл: әдеп және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуды, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, түсіндірме жұмысын жүргізеді, мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек береді, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға жәрдемдеседі, қызметшілердің құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды, мемлекеттік органның басшылығына құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою бойынша ұсынымдарды енгізеді, азаматтық қоғам институттарымен және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, қызметшілер мен азаматтарды қабылдауды жүргізеді.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат мемлекеттік органда және әлеуметтік желіде орналастарылған.

Есепті 2018 жылы Әдеп жөніндегі уәкілмен  тексеру комиссиясында нақты біраз жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша 5 мемлекеттік қызметшілерге жеке консультативті көмек көрсетілді, 11 профилактикалық және  түсіндірме жұмыстары жүргізілді (оның ішінде 10 - дәріс, 1 - БАҚ-та жарияланған баспалы мақала), 7 аймақтарға шығу іске асырылды (оның ішінде 3 - облыстық, 4 - аудандық деңгейде), 1 жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, Әдеп жөніндегі уәкілмен тұрақты түрде ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында 2 рет анонимді сауалнамалар жүргізілді.

Сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін 5 қызметшілер қаржылай көтермеленді.

Өткізілген іс-шаралар мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері және мүдделер қақтығысы болмауына, ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруына оң нәтижелер беруде.

Батыс Қазақстан облысы бойынша

ексеру комиссиясының мүшесі,

Әдеп жөніндегі уәкілі                                                                  Қ. Алпысбаев

+

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00

00