ПРЕСС - РЕЛИЗІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» ЖШС-де, бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың сәйкестігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Өткізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша жалпы сомасы 16 275,0 мың теңгеге бұзушылықтар белгіленді, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 16275,0 мың теңге, оның ішінде: қаржыландыру жоспарында азайтылуға жататыны – 16 275,0 мың теңге, 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылық.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.