Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына, «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да «Ауыл-аманаты» жобасының жүзеге асырылуын бағалау, ауыл тұрғандарының табысын арттыру бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу деңгейін талдау» мәселесі бойынша сараптамалық-талдамалық іс-шара жүргізілді.
Жүргізілген сараптамалық-талдамалық іс-шара нәтижесінде бюджетке өтелуге жататын барлығы 51 583,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Іс-шара барысында 45 000,0 мың теңгесі өтелді. БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на тиісті ұсыным жолданды. Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс- әрекет» бөлімінен табуға болады.