Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша баспасөз релизі
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Жаңақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» және «Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемелерінде жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті түсімдерді алудын толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына және салықтық әкімшілендіру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде өтелуге жататын барлығы 15 011,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 15 011,4 мың теңге бюджетке өтелді. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 6 бірлікті құрады.
БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті», «Жаңақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы», «Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-ге анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.