"Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ
Кіру
AA+
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
"Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

ПРЕСС - РЕЛИЗІ

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Орал политехникалық колледжі» МКҚК-ны, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК-ны аудит объектілері болды.

Жүргiзiлген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша жалпы сомасы 80 624,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 42 203,6 мың теңге, оның ішінде: өтелуге жататыны - 42 203,6 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану - 38 420,7 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылық 12 бірлік және кемшілік 1 бірлік.

Аудит барысында анықталған бұзушылықтардың 39 214,0 мың теңгесі өтелді.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 2 факті бойынша әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға материалдар жолданды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті Қаулы қабылданып, бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту, бұзушылықтарды жою және одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.