ПРЕСС - РЕЛИЗІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит, шарттардың талаптарын орындау, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік аудит жүргізілді.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКҚК-ны, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы» МКК-ны және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Казталов аудандық ауруханасы» МКК-ны аудит объектілері болды.
Өткізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша жалпы сомасы 273 578,7 мың теңгеге бұзушылықтар белгіленді, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар - 20 127,6 мың теңге, оның ішінде: өтелуге жататыны - 20 127,6 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану - 253 451,1 мың теңге, 19 рәсімдік сипаттағы бұзушылық және 9 кемшілік.
Аудит барысында анықталған бұзушылықтардың 15 037,2 мың теңгесі өтелді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.