Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес: 2026 жылғы 1 қаңтарға облыстық бюджет қаражаты есебінен құрылған кредиторлық және дебиторлық берешектердің дұрыстығына талдау.
Аудит объектісі «БҚО қаржы басқармасы» ММ болды.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстық қаржы басқармасы ұсынған дебиторлық берешек туралы есепке сәйкес, жыл басындағы дебиторлық берешек – 19 514 536,9 мың теңгені құрайды.
Ағымдағы жылы өтелген берешек сомасы:
бюджет кірісіне аударылды-34 136,2 мың теңге;
жекелеген негіздер бойынша-16 927 852,6 мың теңге.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және одан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы" комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет " бөлімінде танысуға болады.