"Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ
Кіру
AA+
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
"Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудит объектісі «Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ болды.
Аудитпен жалпы сомасы 140 223,0 мың теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде 6 243,1 мың теңгеге өтелуге және 17 440,5 мың теңгеге қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға қатысты бұзушылықтар 116 539,4 мың теңге сомаға белгіленді. Сонымен қатар, 4 процедуралық бұзушылық анықталды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және одан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы" комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет " бөлімінде танысуға болады.