Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
Жүгіру жолы
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тиімділігіне, бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің пайдаланылуына, оның ішінде жолаушыларды тасымалдауға субсидияларға жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 2 911 862,3 мың теңгеге құрайтын ҚР заңнама талаптары сақталмағаны анықталды, оның ішінде
-    қаржылық бұзушылықтар 2 633 773,6 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны 33 065,8 мың теңге, қалпына келтіруге 2 600 707,8 мың теңге,
-    15- рәсімдік бұзушылықтар,
-    1-кемшілік,
-    бюджеттің жоғалтуы 124 442,3 мың теңге,
-    бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану 153 646,4 мың теңге.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, анықталған бұзушылықтарды және  (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.