Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша баспасөз релизі
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Орал қалалық ветеринариялық станция» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсiпорын қызметкерлерiмен өзара есеп айырысу, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi берушiлермен өзара есеп айырысуды жүргiзу кезiнде бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде жалпы сомасы 3 346,6 мың. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды және олар өтелуге жатады. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 6 бірлікті құрады. Аудит барысында және отырысқа дейін барлығы 864,1 мың. теңге өтелді.
БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысына, «Орал қалалық ветеринариялық станция» КММ-ге анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.