"Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ
Кіру
AA+
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
"Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша баспасөз релизі

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің аппараты», «Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты», «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты»  және «Орал қаласының Деркөл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділігіне, бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердін пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде 687 180,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 12 554,5 мың теңге өтелуге, 674 625,7 мың теңге қалпына келтіруге жатады, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 67 577,5 мың теңг. Аудит барысында 667 024,7 мың теңгесі қалпына келтірілді, 242,2 мың теңгесі өтелді. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 11 бірлікті құрады.

БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Орал қаласының әкіміне, «Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің аппараты», «Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты», «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты»  және «Орал қаласының Деркөл кенті әкімінің аппараты» ММ-ге анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.