Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК-да денсаулық сақтау саласындағы жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігі мен сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 119 280,2 мың теңгеге құрайтын ҚР заңнама талаптары сақталмағаны анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 117 627,1 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны 19 727,4 мың теңге, қалпына келтіруге 97 899,7 мың теңге, 14- рәсімдік бұзушылықтар, 3-кемшілік, бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану 1 653,1 мың теңге.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.