Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
Жүгіру жолы
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Орал қаласы білім беру бөлімінің «№ 42 «Ақ ниет» гимназиясы», «Орал қаласы білім беру бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы» және «Орал қаласы білім беру бөлімінің «Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында орта білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау және пайдалану тиімділігі мәселесіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде барлығы 3 686,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 305,5 мың теңге өтелуге, 3 381,3 мың теңге қалпына келтіруге жатады. Аудит барысында 3 381,3 мың теңгесі қалпына келтірілді. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 10 бірлікті құрады. БҚО бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, «БҚО білім басқармасы» ММ, «Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ, «Орал қаласы білім беру бөлімінің «№ 42 «Ақ ниет» гимназиясы», «Орал қаласы білім беру бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп- гимназиясы» және «Орал қаласы білім беру бөлімінің «Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» ШЖҚ МКК-ға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану туралы тиісті Нұсқамалар жіберілді. Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі-Аудиторлық іс- әрекет» бөлімінен табуға болады.