Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
Жүгіру жолы
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, «Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-да Шыңғырлау ауданы қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 1 851 290,2 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 409 070,3 мың теңге құрады, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 469 589,9 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 972 630,0 мың теңге.

Сонымен қатар, 11 бірлік рәсімдік бұзушылықтары және 2 бірлік кемшіліктер анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 4 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі – аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.