Батыс Қазақстан облысында Бөрлі ауданы қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудиттің
ПРЕСС - РЕЛИЗІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2026 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» ММ-не, «Бөрлі ауданының Ақсай қаласы әкімінің аппараты» ММ-не, «Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-не, «Бөрлі ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не, «Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не, «БҚО әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ-не, «Бөрлі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не («Бөрлі аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-на үстеме аудит) Бөрлі ауданы ауданы қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 5 534 764,7 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 1 113 577,6 мың теңге құрады, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 3 383 025,3 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 1 038 161,8 мың теңге.
Сонымен қатар, 53 бірлік рәсімдік бұзушылықтары және 8 бірлік кемшіліктер анықталды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі – аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.