Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
Жүгіру жолы
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (090000, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 201, 2-қабат 211-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7112) 51-54-84, Е-mail: esepbko.gov. kz/ru  (maximum allowable file size is up to 8 MB) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 Мемлекеттік    аудит бөлімінің басшысы -мемлекеттік аудитор (D-3 санаты, 1 бірлік ).

«D-3» санаты  үшін лауазымдық жалақысы  қызмет өткерген жылдарына байланысты 354 069 (min) теңгеден – 406 714 (max) теңгеге дейін.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:  Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе құқықтау және/немесе мемлекеттік аудит,  және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік  және  жергілікті басқару).

           Мемлекеттік аудитор сертификатының болуы

          Функционалдық  міндеттері: Бөлім қызметін жалпы басқару. Бекітілген бағыттар бойынша бөлім қызметкерлерінің қызметін  үйлестіру және бақылау. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуына мемлекеттік аудит жүргізу. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы төленуін және артық (қате) төленген түсімдер сомасын жергілікті бюджетке  қайтарылу  дұрытығын және мемлекеттік активтерінің пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын-ала зерделеу, аудит жоспарын, тапсырмасын, бағдарламасын және аудиторлық есепті, қорытындыны жасау. Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша талдау жасау және жиынтық ақпарат дайындау. Бөлім бойынша анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеуді қамтамасыз етуге тиісті шараларды жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру. Облыстық және аудан  (қала) бюджеттерінің атқарылуын талдау, тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеру комиссиясының мүдделерін қорғау. Өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, тексеру комиссиясы төрағасының актыларымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы 090000, Орал қаласы, Н.Назарбаева даңғылы, 201, анықтама үшін телефон: 8(7112)51-54-84 электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не Е-mail: esepbko.gov. kz/ru  электрондық пошта мекенжайына мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

 Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне 5 жұмыс күні ішінде шағымдана алады.

Сұхбаттасу кезінде және басқа да іріктеу құралдарында үміткер, егер бұл конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі болмаса, жазудың техникалық құралдарын да қолдана алады.

Ішкі конкурс "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  Төрагасының 2023 жылғы 05 сәуірдегі  № 71 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Төрагасының 2017 жылғы  21 ақпандағы № 40 бұйрығы.

               әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

      __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

__________________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)    

  «___»_______________ 20 __ ж.