Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, жолаушылар тасымалын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудит объектілері «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2 409,8 млн.теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, олар қаржылық болып табылады және бюджетке өтелуге жатады, сондай-ақ 2 рәсімдік бұзушылық. Аудит барысында және отырысқа дейін барлығы 19,6 млн. теңге өтелді, тағайындалған субсидиялар көлемін азайту жолымен 1 764,9 млн. теңге өтелді. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды. Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.
| № | Название | Скачать |
|---|---|---|
| 1 | аудиторлық есеп |