Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
Жүгіру жолы
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес тексеру комиссиялары тиісті бюджеттің атқарылуы туралы мәслихаттар мен әкімдер үшін жедел ақпарат қалыптастыру мақсатында ағымдағы бағалауды жүргізеді.

Ауыз сумен жабдықтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді талдау барысында ағымдағы жылдың ақпан-тамыз айларында Қазақстан Республикасының Су Кодексі және кейбір заңға тәуелді актілерге облыстық бюджеттің атқарылуына әсер ететін ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша түбегейлі өзгерістер енгізілгені анықталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі жолдауында ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ел алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін назарға ала отырып, тексеру комиссиясы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының атына бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдарды жолдады.

Олар, Облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және Өңірлерді дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырыстарында қаралған, онда, сонымен қатар, халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлем мөлшері бойынша жүргізілген есептеулер туралы облыстық энергетика басқармасы басшысының м.а. қ. Мұхамбетқалиев баяндама жасады.

Отырыстар М.Мұқаевтың төрағалығымен, облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева, облыс әкімінің орынбасары А. Алпысбаев, облыстық мәслихат депутаттары А. Салиева, с. Жарылғапов, М. Жақыбаев, Т. Тлемисов, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м. а. қ. Мұхамбетқалиев, БҚО бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Б. ж. Хамидуллин, БҚО Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А. А. Отаров, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Н. Гайтпаева қатысуымен өтті және аудандар мен Орал қаласының әкімдері конференц-байланыс арқылы қосылды.

Нәтижесінде, аудан әкімдерімен талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттары аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін белгілеу жөніндегі есепті, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу үшін облыстың елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындарды БҚО бойынша Тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған аудит объектілерінің тізбесіне қосу туралы ұсынысты қарады.