2025 жылдың 24 шілде күні сағат 09-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi. Отырыста «Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, «Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-да Шыңғырлау ауданы қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері қаралады.