Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
Жүгіру жолы
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Жергілікті атқарушы орган мен оған ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және іске асыру ықпалына мемлекеттік аудит жүргізілді. «Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының «Ақжайық аудандық ветеринария станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны және Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының «Жаңғала аудандық ветеринария станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны аудит объектілері болды. Өткізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша жалпы сомасы 119 873,2 мың теңгеге бұзушылықтар белгіленді, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар - 30 356,3 мың теңге, оның ішінде: өтелуге жататыны - 30 246,3 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны - 110,0 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау - 88 848,0 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану - 668,9 мың теңге, 9 рәсімдік сипаттағы бұзушылық және 1 кемшілік. Аудит барысында анықталған бұзушылықтардың 18 440,4 мың теңгесі өтелді және 110,0 мың теңгесі қалпына келтірілді. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды. Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы "Комиссия қызметі –> аудиторлық қызмет" бөлімінде танысуға болады.