«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ-де бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде мемлекеттік мекеме қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің
ПРЕСС - РЕЛИЗІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2026 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ-де бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде мемлекеттік мекеме қызметінің тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы сомасы 259 617,5 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 44 550,0 мың теңге құрады, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 160 190,8 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 54 876,7 мың теңге.
Сонымен қатар, 7 бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою жөнінде нұсқамалар жолданды.
Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі – аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Заключение |