Проблемалық және аяқталмаған жобалар, сондай-ақ мемлекеттік меншікке берілмеген объектілерді анықтау жөніндегі сараптамалық-талдамалық қорытынды Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, «Проблемалық және аяқталмаған жобалар, сондай-ақ мемлекеттік меншікке берілмеген объектілерді анықтау» сараптамалық-талдау іс-шарасы өткізілді. Батыс Қазақстан облысы бойынша жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижесінде мынадай проблемалық жобалар мен объектілер анықталды: Іске асырылмаған 51 жоба ЖСҚ әзірлеу сатысында, оның ішінде оң қорытынды алғандар, бірақ іске асырылмаған жобалар. Аяқталмаған 16 жоба іске асырылу (дайындау) сатысында. 25 жоба коммуналдық меншікке берілмеген. Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды және оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою үшін қорытындылар жіберілді. Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі – аудиторлық қызмет» бөлімінде танысуға болады.