Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
Жүгіру жолы
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2022 -2023 жылдарға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес,  БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Бәйтерек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де салықтардың және жергілікті бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ бюджеттен және салық әкімшілігінен қате (шамадан тыс) төленген сомалардың қайтарылуын, есепке алыну тиімділігі мен сәйкестігіне жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5 730,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген бұзушылықтары анықталды (барлық сома қаржылық бұзушылықтарға жатады және бюджетке өтелуге жатады), сондай-ақ 15 рәсімдік бұзушылық. Аудит барысында бюджет кірісіне өтелгені 3 934,9 мың теңге.  Аудит нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау арқылы 13 салық төлеушіге ескерту түрінде әкімшілік шаралар қабылданды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, анықталған бұзушылықтарды және  (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар мен ұсынымдар жіберілді.

Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссияның қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға болады.