Өткізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 2 кәсіпорыннан жалпы сомасы 48 566,6 мың теңгеге Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 48 566,6 мың теңге, өтеуге жататыны 46 516,6 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 2 050,0 мың теңге. Сонымен қатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 16.
Аудит барысында барлығы 41 056,8 мың теңге бюджетке өтелді (бюджет кірісіне 38 755,2 мың теңге, кәсіпорын кірісіне 2 301,6 мың теңге), қалпына келтірілгені 2 050,0 мың теңге.
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданды, соның шешімімен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысына, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Бәйтерек аудандық ауруханасы» МКК-ны мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Бәйтерек аудандық 2-ауруханасы» МКК-ның қызметкерлерінің жауапкершіліктерін қарастыру және орын алған заң бұзушылықтарды қалпына келтіру үшін Нұсқама жолданды. Мемлекеттік аудит нәтижесі Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына жолданды.
Толығырақ ақпаратты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының веб-сайтының «Комиссиясының қызметі - Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінен табуға боладыю